jasqazaq.kz

Кәсіпкерлер палатасы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетеді

05 қыркүйек, 15:37

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігі шектеулі жандардың да кәсіпкерлікпен айналысып, өз ісін ашуына жағдай жасауға дайын. Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев Jas Qazaq тілшісіне осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ой бөлісті.
– Біздің Палата барлық кәсіпкерлерге, олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тең және сапалы қызмет көрсетуді басты қағида ретінде ұстанады. Сондықтан мүгедектігі бар азаматтар да бізден толыққанды қолдау ала алады,-деді Мақсат Дүйсенбекұлы.
Мақсат Өткелбаевтың айтуынша, Палата бірнеше бағытта нақты көмек көрсетеді:
-кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға;
-кімшілік кедергілерді азайтуға;
-бухгалтерлік қызметтер көрсетуге; -бизнес-жоспар әзірлеуге;
-тауарлардың шығу тегі туралы сертификат беруге;
-инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге;
-дуалды оқыту жүйесін дамытуға жәрдемдеседі;
-заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
– «Бір ауыл – бір өнім» жобасы арқылы жергілікті ресурстарды пайдалана отырып, өңірлік өнімдерді анықтап, дамытамыз. Бұл ауылдағы кәсіпкерлер үшін жақсы құрал. Ал «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы шетелдік серіктестермен әріптестік орнатып, кәсіпорындардың әлеуетін арттыруға көмектеседі, – деді Мақсат Өткелбаев.
Дегенмен ол әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік гранттарды бөлу Палатаның құзыретіне кірмейтінін де нақтылады:
– Мемлекет тарапынан берілетін гранттар мен жәрдемақыларды ұйымдастыру және қадағалау тиісті мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асады. Біз кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға ғана бағытталған қолдау ұсынамыз.
Мүгедектігі бар азаматтарға ең бастысы – сенім мен мүмкіндік қажет. Олар да қоғамдағы белсенді кәсіпкер, табысты бизнес иесі бола алады. Ешкім олардың жолын бөгемеуі тиіс. Біз сол жолда қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз, – деді Мақсат Өткелбаев.

Олжас Әбдіхалық

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет