Кәсіпкерден ақша бопсалағандар жазасын алды

03 қараша 2023, 14:21


Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 36 жастағы кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, белгісіз адамдар оны пәтерге алдап шақырып, күш көрсетіп ақша бопсалаған, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы және Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 43 және 27 жастағы ер адамдарды, сондай-ақ 31 жастағы әйелді ұстады.
Тергеу барысында олардың қылмыс жасаған кезде өзара рөлдерді бөліскені анықталды. Сонымен әйел кездейсоқ танысуды ұйымдастырып, жәбірленушіні серіктестері жасырынып отырған пәтерге шақырған.
Пәтерде жасырынып отырған қалғандары маска мен қолғап киіп, жәбірленушіге шабуыл жасап, оны байлап, зорлық-зомбылық көрсетіп, одан 20 млн теңге талап етеді.
Жоспарларынан нәтиже шықпаған соң, бопсалаушылар жәбірленушінінің барсеткасынан 70 мың теңге алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ер адамдар 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал әйел адам 7 жылға сотталды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу