jasqazaq.kz

Қарағандыда 15 жастағы қызбен некелескен ер адам 17 жылға сотталды (Видео)

17 қазан 2025, 9:59

Қарағандыда 15 жастағы қызбен некелескен 38 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынас жасағаны дәделденген ер адам енді 17 жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ судья оқушыны мәжбүрлеп ұзатқан анасы мен өгей әкесіне қатысты арнайы қаулы шығарып, прокуратураға жолдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Самал Арынова, судья: — Аталған жағдай бойынша Қарағанды облысы прокурорын хабардар ету керек. Марал Алипова мен Ренат Әрешовтың әрекетерінен қылмыстық құрам бар‑жоғы тексерілсін. Сонымен қатар ол зардап шегушіге 3 жарым миллион теңге моральдық шығынды өтеуі керек.

Оқиға Абай қаласында болған. Анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қыздарын күйеуге беріп жіберген. Алайда ол бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіпті. Ол бірден полицияға арызданады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды әйел қылған 38 жастағы ер адамды Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұстап, оны қамауға алды.  Өз жоралғыларына сай, баланы ересектің етегінен ұстатқан дейді қыздың туған әкесі. Енді жасөспірімді ұзатқандарға да қатысты іс майшаммен қаралмақ. Ал сотталушының әкесі ұлының кінәсі жоғын және апелляциялық шағым жасайтынын айтады.

Сотталушының әкесі: — Оның шәуеті қыздан табылғаны қылмысқа дәлел емес. Ұлым оны зорлаған жоқ. Келісіммен жыныстық қатынасқа түсті. Үйленбек ойы болды. Бәрін жасаған қыздың туған әкесі бүлдірді.  Шу шығарып, қызын арыз жазуға үгіттеді.

Сурет: Видеодан кадр
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді