jasqazaq.kz

Камчаткада 8,7 балдық жер сілкінісі болды

30 шiлде 2025, 11:33

29 шілде күні Ресейдің Камчатка түбегі жағалауында күші 8,7 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан биіктігі 3–4 метрлік цунами толқындары көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің жазуынша, қаза тапқандар жоқ, бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Камчатка өлкесінің денсаулық сақтау министрі Олег Мельниковтің мәліметінше, жаңа әуежай мен балалар емханасының ғимараты зақымданған. Цунамиден Курил аралдарындағы Северо-Курильск қаласы да зардап шекті. Порт маңындағы инфрақұрылым бұзылып, тұрғындар биік жерге көшірілді. Электр жарығын кейбір жерледе өшіп қалған.

Цунамидің таралу қаупіне байланысты Жапония, Аляска, Гавай және Солтүстік Американың Тынық мұхиты жағалауында ескерту жарияланды. Толқындар Эквадор мен Чили жағалауына дейін жетуі мүмкін.

Сейсмологтардың айтуынша, 1952 жылы аймақта осыған ұқсас жойқын зілзала болған. Ол кезде Курил мен Камчаткада 2000-нан астам адам қаза тапқан.

 Фото: Reuters

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді