Калугада қазақтар не іздеп жүр?

17 тамыз 2023, 16:34

 

Бір ұлы қолбасшының мынадай ұлағатты сөзі бар: «Ең соңғы солдат жер қойнына берілмейінше, соғысты бітті деуге болмайды». Осы тұрғыдан алғанда  өлі-тірі екеніне қарамастан, әрбір азаматын іздеу, соған  жоқшы болу, қаза тапса елге жеткізу және құрметпен жерлеу кез келген өркениетті мемлекеттің парызы. Сексен жылдан астам уақыт өтсе де майдан даласынан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылып жатыр.

Осы игілікті істің басы-қасында  «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы жүр. Екі ел еріктілерінің күш-жігерінің арқасында 1913 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған Иван Сурнин мен 1903 жылы бұрынғы Алматы (қазіргі Жетісу) облысында дүниеге келген Парасенконың тағдыры белгілі болды. Екеуі де 1942 жылы Ржев түбіндегі қанды шайқаста қаза болған.

117-ші жеке атқыштар бригадасының қызыл әскері Иван Филиппович Сурнинді «Поколение» іздестіру жасағының жауынгерлері Тверь облысы, Оленин муниципалды округі, Дроничено елді мекенінен тапты. Ал Филипп Лаврентьевич Парасенконың дерегі аймақтық «Фронтовые дороги» әскери-патриоттық іздеу клубының еріктілерінің еңбегі арқасында табылған.

Осыған байланысты Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тапсыру рәсімі өтті. Онда Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев,  «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев, Тверь облыстық «Память поколений» іздестіру бірлестігінің жетекшісі Наталья Назарова, «Фронтовые дороги» іздестіру отряды командирінің орынбасары Олег Дагуров сөз сөйледі.

Ертесіне майдангерлер мәйіті әскери ұшақпен елге жеткізіліп, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында етжақындары мен жергілікті басқару органдарына салтанатты жағдайда табыс етілді. Оған ҚР ҚК Қарулы күштердің ардагерлері, «Atamnyn Amanaty» ұйымының, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департмантінің өкілдері мен отбасы мүшелері  қатысты.

Қарулы күштердің ардагері, генерал-майор Марат Нағұманов Қазақстанда жасақталған №100-ші және №101-ші ұлттық атқыштар бригадалары қатысқан атақты Ржев шайқасы мен жерлестеріміздің сонда көрсеткен ерліктері  туралы айтып берді.

117-ші жеке атқыштар бригадасының қызыл әскері Иван Филиппович Сурнинді «Поколение» іздестіру жасағының іздеушілері Тверь облысы, Оленин муниципалды округі, Дроничено елді мекенінен тапқан. Ал Филипп Лаврентьевич Парасенконың сүйегі аймақтық «Фронтовые дороги» әскери-патриоттық іздеу клубының еріктілерінің еңбегі арқасында табылған.

И.Сурниннің 73 жастағы немересі Галина Самсонова Петропавлдан онлайн режимде бейне байланысқа шықты. «Атамыздың елге оралуына атсалысқан іздеушілерге шын жүректен алғыс айтамын. Атамыз қызының жанына жерленетін болады. Анам әкесінің ауыр шайқаста қаза тапқанын білетін. Ол бұл туралы соғыстан аман оралған атамның қарулас досынан естіп білген», – дейді Галина Тарасовна.

Майдангерлерді Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары жергілікті басқару орындары үлкен әскери құрметпен  қайта жерлейтін болады.

Бұдан бөлек, биыл мамыр айында 1912 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген Силан Маметовтің де сүйегі табылғанын хабарлаймыз. Қазіргі таңда майдангердің туған-туыстары іздестіріліп жатыр.

Енді қазақтардың Калуга жерінде не іздеп жүргеніне келейік. Қазір Ресейде «Atamnyn Amanaty» ұйымының ұйтқы болуымен қазақстандық еріктілер жасағы қиян-кескі шайқастар өткен жерлерде қазба жұмыстарымен айналысып жатыр. 24 тамызға дейін созылатын «Батыс майданы. Варшава тас жолы» халықаралық әскери-тарихи экспедициясына біздің біздің елден бөлек әртүрлі мемлекеттерден 780 адам қатысуда.

Осы экспедиция аясында Қазақстанда жасақталып, Калуга облысының Ульянов ауданында түгелдей жер жастанған 387-ші Ақмола атқыштар дивизиясының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Қазақстандық еріктілер келесі жылдан бастап, осы ауданда қазба жұмыстарын бастамақ. Демек туған жерде жырақта көмусіз қалған, із-түссіз жоғалған талай боздақтардың есімдері белгілі болады деген сөз.

Әбубәкір Смайылов

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз