Күзетші мен «таксовать ету»

14 қантар 2017, 0:32

 

Ауырып жатқан құрбыма кіріп-шықпақ болып ауруханаға келдім. Кіре берісте үстелге шынтағын тіреп отырған күзетші жігіт шиқ-шиқ күледі. Оның үстінен төне қарап тұрған екіншісі де ұялы телефоннан бір нәрсені қызық көріп отыр. Екеуі «прикол» ұстауда. Көңілді кейіптерін қоңырау бөлді.

 

— Қалайсың? Аман-есен, шүкір… Жүрген сол, жұмыста… Не дейді? Ее, қойшы, ақшасын қайтем, кетсінші, ауыр жұмысты неғылам, одан да осы жылы жерде отыра бермеймін бе… Е-жоғей. Жарайды, рахмет-ей… Хоп!

Бірде  такси тоқтаттым. Бірінші қатарда келе жатқан көлікті орағыта өтіп, екінші қатардан кесе-көлденең келіп ескі «девятка» тоқтай қалды. Мені қағып кете жаздағанында шаруа жоқ.

– Қайда барасыз қарындас?

Оның бұл қылығына назаланған бірінші қатардағы көлік иесі сигналын үздіксіз басып тұр. Бағасына келісіп, жылы көлікке жайғаса бере «ана жігітке обал болды ғой, артыңыздан соға жаздады, сіз мені қағып кете жаздадыңыз ғой», десем:

— Шустрый болмасаң күн көре алмайсың, қарындас, — деп қояды лотереядан ірі ұтыс алғандай жымыңдап.

Сөйлесе келе айтқаны мынау:

біреуге жалданып жұмыс істеп неғылам? Таксовать еткенім жақсы! Жатам десем – жатам, тұрам десем, тұрам. Ешкім әкіреңдемейді. Күніне бес мың табамын, жетеді сол маған.

Тепсе, темір үзетін жігіттеріміздің көбінен еститініміз осы әңгіме. Емхана, банк, мейрамхана, әкімшілік және өзге де түрлі нысандардың есігін күзеткен кім? Қазақ жігіттері. «Таксовать» етіп күнін көріп жүргендер де қазақ жігіттері. Қыста дүңгіршектерде жеміс-көкөніс сатып, жазда тәжік, өзбектермен бәсекелесе қарбыз күзетіп, темір төсектерде теңкиіп жатқан жігіттерімізге көзіміз де, етіміз де үйренді.

Бір күнін ғана ойлайтын сияқты. Күзетші, таксистердің арасынан өзге ұлт өкілдерін сирек кездестіресің. Десек те, ауылдан келген азаматтарға анау дегендей таңдау да жоқ. Бірақ, күзетші, таксист мамандықтарының болашағы жоқ, беделі аз, жалақысы төмен екенін түсіну қажет сияқты. Өкінішке қарай, мұндай әңгіме өзге ұлт өкілдерінің санасына тез сіңетіндей.

Ұмтылысы жоқ, тұрмыстық жағдайы тұрақсыз жігітке жөні түзу қыздар да қарамайды. Себебі, болашағын ондай жігітпен байланыстырудан қорқады.

Тағы бір мұң – жігіттеріміздің жауапкершілігі төмен. Бала алдыру үрдісі елде жиілеп кеткен. Білсеңіз, халық саны аз болғанымен, бала алдыру көрсеткіші бойынша көш басындамыз. Қазақстанда әрбір үшінші әйел жасанды түсік тастайды, дегенді де көзіміз шалған.

Үй-жай, тұрмыстық мәселелерін шешудің орнына көптеген жігіттер жағдайы орныққан, көлігі, дөңгеленген кәсібі бар қыз-келіншектерді «ұстауға» тырысады. Бұл не, жалқаулық па, өзіне деген сенімсіздік пе?

Жігіттеріміз күзетші болудан намыстанбайтын болып кеткен. Күні бойы бір нүктеге тесіле қарап, кірген-шыққан адамды көзбен сүзіп 40 мың теңгеге есік күзету оңай боп тұр.

Кей азаматтарымыз осылайша өмірдегі өзінің жеңіл жолын тапқан сияқты. Рас қой?

Аяжан Төрехан

365info.kz

16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды