Көп мәселені шешеді

11 қараша 2016, 18:15

Сарапшылардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай оңтүстiк халқы 5,2 млн адамға өсiп, ел халқының жартысынан астамын құрамақ. Бұл орайда оңтүстiкте халықтың қоныстану тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түседi. Осы орайда елімізде «Серпін» жобасы қолға алынды. Бұл халық тығыз тұратын өңірлердің жастарына білім беріп, оларды кадр тапшы аймақтарға жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл бағдарлама аясында биылдың өзінде 329 отбасы Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарына көшкен. Дегенмен, алдағы уақытта да тепе-теңдікті ұстап отыру үшін не істеу керек? Туған өлкесін тастап, өзге өңірге көшу үшін тағы басқа шара қабылдауымызға болады деген сауал төңірегінде Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Бақытбек Смағұлмен сұхбаттастық.

ba0ytbek

Жас қазақ: Мамандар 2050 жылға қарай оңтүстiк пен солтүстiк арасындағы демографиялық тепе-теңдік сақталмаса, біраз қиындықтар орын алуы мүмкін деп отыр. Бұл жөнiнде сiз не ойлайсыз?
Бақытбек Смағұл: Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында елiмiз бен өңiрiмiзге төнген, еңсерiлуге тиiс екiншi сын-қатер ретiнде жаһандық демографиялық теңгерiмсiздiктi атағаны белгiлi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң тапсырысымен ғалымдар жүргiзген зерттеулер көрсеткендей, егер қазiргi жағдай өзгермесе, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының басым көпшiлiгi, шамамен 55 пайызы оңтүстiк өңiрлерде өмiр сүретiн болады. Бұл ретте оңтүстiк облыстардағы тұрғындардың саны 5 миллионнан асып, солтүстiкте керiсiнше миллионға қысқаруы мүмкiн. Бұл ретте оңтүстiк өңiрлердегi әлеуметтiк жүйеге түсер салмақ, жүктеме еселеп артады. Еңбек ресурстарының шектен тыс шоғырлануы, бірқатар мәселенің орын алуына сеп болады.

Әрине, сын-қатерлердi еңсеру мақсатында ел үкiметi жұмыспен қамтудың жол картасы, еңбек мобильдiгiн арттыру арқылы бiраз жұмыстар атқарып жатыр.
Жас қазақ: Үкiмет тағы қандай мәселелерге назар аударуы тиiс?
Бақытбек Смағұл: Үкiмет биыл өңірлерге 463 отбасын қабылдауға квота бөлдi. Егер қоныс аударатын әр отбасының орташа есеппен бес мүшесi бар десек, мұндай қарқынмен ең болмағанда, миллион адамды солтүстiкке қоныстандыру үшiн біраз жыл кетедi. Демек, бұл квота ұлғайтылса абзал болады. Сайлаушылармен кездесу кезiнде көшуге дайын отандастарымыздың жеткілікті екеніне көзіміз жетті. Олардың басым бөлігін баспана мәселесі алаңдатады. Сондықтан әзiрленiп жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесi ескерілгені жөн. Үкiмет нысаналы жұмыс жасауы керек. Қоныс аударушылардың қажеттiлiгi ескерiлуi тиiс. Қазiр балабақша, мектеп, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Дегенмен, бiздi мазалайтын тағы бiр мәселе бар. Көш өнеркәсiптiк өңiрлерге бағытталуда. Ал заманауи өндiрiс орындарына бiлiктi жұмысшы қажет. Қоныс аударушылар болса, негiзiнен, экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендердiң тұрғындары және жұмыссыздар. Ендеше, оларды көшiп баратын жердегi өндiрiс орындарының сұранысына лайықтап, нысаналы түрде оқыту, даярлау мәселесi пысықталуы қажет деп есептеймiз.

photo_20604
Жас қазақ: Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден адамдарды еңбек күші жетiспейтiн солтүстікке көшіру бiраз мәселенi шешетiнi рас. Жалпы, 2011-2016 жылдары елiмiзде 5 мың отбасы немесе 18 мың адам ерiктi түрде қоныс аударған. Бұл iшкi көшi-қон. Ал атажұртқа шеттен келетiн ағайынды солтүстiкке қоныстандыру қалай жүрiп жатыр?
Бақытбек Смағұл: Халықты көшiру еңбек ресурстарының тепе-теңдiгiн сақтау, күнкөрiс қамы үшiн ғана емес, бұл халықтың өсiмi, елдiң тұтастығы үшiн қажет. Бұл ретте шеттен келетiн қандастарымызды солтүстiкке қоныстандыру маңызды. Қазiрде бiршама қиындықтар бар екенi жасырын емес. Бiрақ шетелден атажұртты аңсап жеткен ағайын «Осы жерде ғана тұрамын» – деп, белгiлi бiр қатып қалған қағидамен өмiр сүрмеуi керек. Тәуелсiздiгiмiздi, елдiгiмiздi, тұтастығымызды, болашағымызды ойлайтын азаматтар аз емес деп ойлаймын. Олардың елде мал, егiн шаруашылығымен айналысуға мүмкiндiгi мол. Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында жер құнарлы. Солтүстiк те бiздiң жерiмiз. Суық деуге болмайды. Бiлiмi жоқ, тiл бiлмейдi деген де себеп емес. Жағдай жасалып жатыр. Саясатты терең мағынада түсiнiп, оңтүстiк өңiрдiң халқын, елге келiп жатқан қандастарды сол жаққа бағыттау қажет. Әйтпесе, оңтүстiкте бәрiне жұмыс қайдан табыла бередi. Кейбiр аудандарда 320-350 мыңға дейiн халық тұрады. Қостанай, Ақмола облысында үш ауданды қосқанда, оңтүстiктегi бiр елдi мекендегi халық санына жетпейтiн жағдайлар бар. Ойлануға тұрарлық мәселе. Осылайша, тұрғындарды солтүстiкке қоныстандыру жұмыссыздық мәселесiн шешедi. Екiншi жағынан, халық санының өсiмiне ықпал етедi. Әрине, бiр күнде шешiлетiн дүние емес. «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021»: бiрлiк, тұрақтылық және жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында жаңа еңбек саясатына баса мән берiлген. Бiздiң ортақ күш-жiгерiмiз өнiмдi еңбек етуге және халықтың мобильдiгiн ұлғайту жолымен еңбек нарығында тепе-теңдiктi арттыруға бағытталуы қажет.

Сұхбаттасқан Айымгүл Мұратқызы

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде