jasqazaq.kz

Көне қала орнына үй салғандар далада қала ма?

29 желтоқсан 2016, 11:01

Оңтүстік Қазақстан облысында 9 отбасы қыс ортасында далада қалуы мүмкін.  Себебі, көпбалалы аналар мен зейнеткерлердің үйлері жақын арада сүрілмек. Бұл үйлердің ежелгі қалашық орнында тұрғызылғанына байланысты болып отыр. Археологиялық ескерткіш болғандықтан, ол жерде баспана тұрғызуға болмайды. Бірақ бірнеше жыл бұрын оңды-солды жер таратқан шенеуніктер бұл жайды енді ғана еске түсірген. Енді құжаттарын рәсімдеп үлгергендер өтемақы алса, өзгелері құралақан қалмақ, деп хабарлады «КТК» телеарнасы. Ежелгі қалашық үстінен үй салған 9 отбасыға мәжбүрлеп көшіру жайлы ескертпе қағаз келген. Ал ашық аспан астында қалмас үшін жұрт қолда бар құрылыс материалдарымен үйдің қабырғасын қалап, шатырын жауыпты. Енді ауыр техника келген кезде зейнеткерлер мен көпбалалы аналар далада қалмақ  «Менің осы жерде тұрғаныма 2 жыл болды. Шымкентке келгеніме — 4 жыл. Сонда біз қайда барамыз? Ешқайсысының ойына кіріп-шықпайды», — дейді тұрғындардың бірі Ділбар Құттыбай. Бірнеше жыл бұрын бұл барактарға барар жері жоқ адамдар көшіп келген. Бастапқыда бөлмелерді жалға алып келсе, кейін тегін тұра бастаған. Үйге құжат та жасатпаған. Осылай тұра береміз деп ойлаған болуы керек. Әкімдік өкілдері тұрғындарды далада қалдырмайтынын айтуда. «Бұл мәселе шешімін тапқанша баспананы сүру немесе мәжбүрлі түрде көшіру жүргізілмейді. Жұрт далада қалмайды. Біз әлеуметтік тұрақсыздықты болдырмауға тырысамыз», — деп атап өтті Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Нариман Қасымбеков Шенеуніктер ежелгі ескерткіш орнындағы 42 үйді бұзуы керек. Тұрғындардың басым бөлігі бұл аймақта құрылыс жүргізуге болмайтынына қарамастан құжаттарын рәсімдеп алыпты. Енді оларға өтемақы берілмек. Ал қолдарында бір жапырақ қағаздары жоқтарға сот арқылы өз құқықтарын растап алуға үлгеру қажет. Бірақ бұл іс қиынға соқпақ.

ҚазАқпарат

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке