jasqazaq.kz

Күлікбаев өз өлімін Қостанай облысындағы түрмеде күтеді

02 қараша 2016, 15:50

Өлім жазасына кесілген Руслан Күлікбаев Қостанай облысында сот үкімінің орындалуын күтеді.

photo_31063

Елімізде тек осы өңірде өмір бойына сотталған адамдар болады. Қазақстанда өлім жазасына мораторий қойылуына байланысты, Күлікбаев мораторийді алып тастағанға дейін абақтыда отырады.

«Иә, Қостанай облысындағы Жітіқарада орналасқан «Қара бүркіт», бұл өмір бойына сотталған адамдар үшін жазасын өтеушілерге  арналған жалғыз түрме», — деді ҚР ІІМ  баспасөз қызметіндегілер.
Онда «Арқанкерген» шекара қызметінде борышын өтіп жүргендерді өлтірген Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.

c573e053f706dc5c572909bae3db7286

«Қара бүркіт» түрмесі Жітіқарадан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

ba30acb57d0badc8a1afa5ce55fa99b3
Еске салайық, бүгін, 2 қарашада Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлікбаевқа сот үкімі шыққан болатын. Судья Ерлан Болат сотталушыға өлім жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді