Көкшетауда бала ақындар айтысқа шықты

16 қараша 2016, 22:04

snimok

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар айтысы өтті. BNews.kz хабарлағандай, жыр додасын «Тәуелсіз Қазақстан» пойызымен Көкшетауға келген Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов бастаған зиялы қауым өкілдері де тамашалап, балғын айтыскерлердің талабын ұштай түсуге тілектерін білдірді.

Көкше өңірі сонау бір өткен Мұса Асайынов, Көкен Шәкеев сияқты аға толқынды айтпағанда, кешегі аламан айтыстарда топ жарған Баянғали Әлімжанов, Құдайберлі Мырзабек, Арман Бердалин, Әлібек Серғалиев сияқты ақындарымен айшықталған өлке. Одан кейін де оқта-текте жылт етіп, үміт күттірген өнерпаздар болғанмен, республикалық додаларда маңдайы жарқырап озып келген ешкім болмады. Неге? Өнер жанашырларын осы сұрақ көптен алаңдатып жүр. Мына бір шара сол сұрақтың жауабы іспетті. Соңғысына бала күндерінде Арман Бердалин, Қанат Қыдырмин қатысқан оқушылар айтысының өтпегеніне аттай жиырма жыл болыпты.

«Ал мектеп қабырғасында жүріп талабын ұштап, өнерін өсіріп, тәжірибе жинақтаса, талай дүлдүл дүр көтеріліп, айтыс әлеміне қанат қағар еді! Бұл – даусыз. «Қанат ұшса қатаяды». Демек, араға жиырма жыл салып өтіп отырған бүгінгі оқушылар арасындағы айтыстың маңызы зор. Оңды идеямызды жүзеге асыру мақсатында көмек сұрап қақпаған есігім қалмады. Қол ұшын берген тек Құдайберлі Мырзабек ағамыз ғана болды», – деп ағынан жарылды осы шараны ұйымдастырған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Закиров.

Жиырма жылда алғаш өткен оқушылар айтысына «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы құрамында Көкшетауға келген, Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов бастаған қонақтардың қатысуы балғын айтыскерлер талабын ұштай түскендей болды. Әрине, сахнаға алғаш шығып, айтысқа алғаш түскен оқушыларға Алмас Темірбай бастаған әділ қазылар алқасы аса қатты талап қойған жоқ. Дегенмен, әр қарсыластың аз-кем артықшылығы ескерусіз қалмады.
«Батыр Мәлікті алғаш жырлаған жампоз Жамбыл Жабаев. Сондықтан, біздің бұл шарадан шет қалуымыз орынсыз. Және, мектеп оқушылары арасында жиірек айтыс өткізудің халықтық өнерді дамытуда, жас дарындарды тәрбиелеп, өсіруде игі ықпалы зор. Алдағы уақытта осындай айтыстардың өткізіп тұруға тырысамыз», – дейді айтысты жүргізген, М.Ғабдуллин музейінің директоры, ақын Құдайберлі Мырзабек.

Сонымен, дода төмендегідей қорытындыланды: Целиноград ауданынан келген Талант Нұрасыл, Ақкөл ауданы мен Степногор қаласының өкілдері Саяхат Аманжол мен Аниса Қамзиева үшінші, ерейментаулық Бақтияр Жепенов пен жарқайыңдық Ұлпан Қалдыбаева екінші, көкшетаулық Бауыржан Ерқанат бірінші орындарға ие болды. Ал Бас жүлдені бұландылық Мұхаммед Нұржанат жеңіп алды.

Осы жиын үстінде «Жас Ұлан» ұйымы ұйымдастырған «Ұлы дала жыршысы» шығармалар байқауының жүлдегерлеріне өлеңдері енген кітаптар табыс етілді.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде