jasqazaq.kz

Күдіктіге күш көрсеткен полицейлер сотталды

26 қазан 2016, 10:58

snimok

Хромтау аудандық соты полиция қызметкерлеріне қатысты іс бойынша үкім шығарды,  – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соты.

Хромтау аудандық сотының 2016 жылғы 17 қазандағы үкімімен Хромтау аудандық ІІБ қызметкерлері С.Қадыржанов, Б.Бахрадинов және Б.Құрманбай ҚР ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымды иелену құқығы шектеле отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы үкім бойынша айыпталушылар арнайы әскери шендерінен айырылды.

Істің материалдарына жүгінсек, аталмыш Хромтау аудандық ІІБ ғимаратында полиция қызметкерлері топтасып жәбірленуші М.Құспановқа алаяқтыққа қатысты мәліметтер алу және оны мойындату үшін психикалық және физикалық қысым көрсеткен. Осы мақсатта олар күдіктелген азаматқа сот сараптама айғақтаған дене жарақатын салған.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы полиция қызметкерлеріне ҚР ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот бұрын олардың сотталмағанын, жұмыс орындары мен тұрған жерлерінің берген жақсы мінездемелері мен С.Қадыржанов пен Б.Құрманбайдың кәмелетке толмаған балалары бар екендігін ескере отырып, аталған баптағы ең төменгі шекті бас бостандығынан айыру мерзімін тағайындады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

caravan.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді