jasqazaq.kz

Күдікті Сақташ Хасенов Jeep сатып алған

07 қараша 2016, 11:38

snimok

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғаны туралы мән-жайды айтып берді.

Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

«Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі — 37 миллион теңге», — деді Антикоррупция қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұлттық бюрода Сақташ Хасеновтың қылмыстық жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтады. «Қазан айында салоннан 2016 жылғы Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігін сатып алған. Қазіргі уақытта Хасенов сот санкциясына орай қамауға алынған», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар.

Сақташ Хасенов 4 қарашада бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады.

«6 қарашада Астанада Алматы ауданының №2 соты Хасеновты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынды», — делінген елордалық соттың сайтында.

tengrinews.kz

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік