jasqazaq.kz

Үйінді астында қалған сәби бесіктің арқасында аман қалды

08 қантар 2017, 22:17

Аружан есімді сәби Шымкентте құлаған үйдің астында қалып қойып, ескі бесіктің арқасында аман қалған деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ. Газ-ауа қосындысының жарылысы орын алған кезде 1 жасар Аружан бесікте ұйықтап жатқан. Үйдің бөлшектерінің сәбидің денесіне зақым келтірмеуіне ескі бесіктің жоғарғы жақтаушалары себеп болған. Бүлдіршін «үйшіктің» ішінде қалған.

Ал, бесікте ұйықтап жатқан нәрестені үйіндінің астынан Руслан Бахрамов шығарып алған. Апат болған маңға жақын жерде тұратын Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің қызметкері Бахрамов Руслан Богданович қатты шыққан дыбысты естіп көшеге жүгіріп шыққан.

Құлаған үйден баланың жылаған дауысы мен көмек сұрап айқайлап жатқандарды естіген Руслан Бахрамов бірден әйеліне жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруға бұйрық беріп, өзі қиранды жаққа бет алған.

Бахрамовтың батыл да қайсар әрекетінің арқасында, үйіндінің астынан Жұмалиевтер отбасы шығарылды: Жұмалиев Д.Д. оның әйелі және бір жастан асқан бүлдіршін. Бірақ, өкінішке орай, сәбидің анасы жарақатының ауыр болғанына байланысты қаза тапты.

Анықталған мәліметтер бойынша, төтенше жағдайдың орын алуына газ-ауа қосындысының жарылысы себеп болған. Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері апаттың нақты салдарын анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қаңтар күні сағат 03:30 шамасында Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үй опырылып кеткен болатын.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті