jasqazaq.kz

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13 тамыз, 15:12

12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі  шаһардағы жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны бір миллион теңгеге дейінгі гранттар мен жаңа жобаларды іске қосты.

Фестивальдегі негізгі оқиға – Шымкент қаласындағы еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түскен. Ұсынылған жобалардың тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру.

Байқауға қатысқандар ішінен жеңімпаздарды бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік шыққан бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға ие болды. Қаланың еріктілері бүгінде өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып, соның ішінде «Есірткісіз қоғам» құру ісіне елеулі үлес қосып келеді.

Фестиваль «Жас драйв» жаңа грант маусымының да басталу нүктесі болды. 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін шымкенттік жастар өз жобаларын төмендегі бес бағыттың бірі бойынша ұсына алады:
• ActiVO – «Ерікті жас» (Жыл еріктісі)
• CityVibe – «Көрікті қала» (Жастарды өзгертетін қала)
• NOx – «Есірткісіз қоғам»
• Innovation + Pulse – «Жас ғалым»
• My family – «Отбасы – басты құндылық»

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жақын күндері «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына да өтінімдер қабылдау басталады. Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және еріктілік салаларындағы ең үздік алты жоба да 1 млн теңгеден грант иеленеді.

«Біз жастарға жай ғана қолдау сөздері емес, нақты мүмкіндіктер қажет екенін түсінеміз — білім алу, бизнеске көмек, заманауи қала ортасы және ашық диалог. Осы мүмкіндіктерді шынайы ету үшін барымызды салып жатырмыз», — деді мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Мерекенің атмосферасын «Жайдарман» жұлдыздары Ұлан Мамырбекұлы мен Нұрым Досболдың TEDx форматындағы мотивациялық сөздері, Gentleman және Happiness топтарының, Бағлан Жолдасовтың концерттері, интерактивті ойындар, Romano-ның DJ-сеті және жарқын фейерверк толықтырды.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық жас тұрады, олардың 134 мыңы — студент. Биыл олардың 41 мыңнан астамы дипломды маман атанады.

 

 

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет