jasqazaq.kz

Jas Qazaq пен Chevron ерекше жандарға арналған журналистика курсын өткізді (Видео)

11 қараша 2025, 15:57

Алматыда Jas Qazaq газеті мен Chevron компаниясының қолдауымен ерекше жағдайдағы азаматтарға арналған 4 айлық журналистика курсын табысты аяқталды. «Бәріне ортақ журналистика» деп аталған жоба мүгедектігі бар жандардың ақпарат саласына енуіне жағдай жасап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Курсқа қатысқан Бағлан Әбдікәрім журналистикаға деген қызығушылығының оны осы жобаға алып келгенін айтты. Көру мүмкіндігінен айырылғанына қарамастан, ол кәсіби ортада тәжірибе жинауға ынталы болған. Курс барысында Бағлан тікелей эфирдің жұмыс процесімен танысып, жаңалық сюжеттерін түсіруге қатысқан. Сондай-ақ мәтін жазу, сұхбат алу және бейнематериал монтаждау бағыттары бойынша да білім алған.

Жоба бес жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты — өмірлік кедергілерге қарамастан еңбек етуге және қоғаммен белсенді байланыс орнатуға ұмтылған жастарды қолдау. Тыңдаушылар сабақтар кезінде өздерін толғандырған мәселелер туралы мақалалар жазып, олардың кейбірі газет бетінде жарияланған.

Курс аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Ерекше жандар алдағы уақытта алған тәжірибесін әлеуметтік саладағы қызметінде кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылар жобаның маңызын ерекше атап өтті. Chevron компаниясының БАҚ қызметі жөніндегі кеңесшісі Айнұр Сағынбайқызы инклюзив саясатты қолдаудың компаниядағы басты қағидалардың бірі екенін жеткізді. Оның айтуынша, әр азаматтың білім алуға, жұмыс істеуге және қоғам өміріне белсенді араласуға тең құқығы бар. Компания бұл жобаны қуана қолдап, қатысушылардың болашақта биік жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады