Израильде консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы тіркелген

09 қазан 2023, 14:33

Израильде консулдық есепте Қазақстанның 112 азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Министрліктегі брифинг барысында ол: «Бүгінгі таңда Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде консулдық есепке Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда 77 азамат тіркелген. Израильдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның бес студенті оқиды. Сондай-ақ отызға жуық қазақстандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерде тағлымдамадан өтіп жатыр. Барлығы — 112 адам. Тель-Авивтегі дипломаттарымыз Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы мессенджерде чат ашты», — деді.

Қазір бұл чатқа Израильде уақытша және тұрақты тұратын екі жүзге жуық Қазақстан азаматы қосылған.
Айбек Смадияров Израильде консулдық есепте жоқ 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін айтты.
«Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің болжамынша, Израильде консульдық есепке тұрмаған төрт жүзден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Шетелдегі отандастарымыздың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелерінде консульдық есепке тұру қажеттілігін тағы еске саламыз. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сонымен қатар қашықтан да жасауға болады. Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжат көшірмесін және тұрғылықты мекенжайын жіберу қажет», — деді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді