Ізгіліктің шуағы құрметтен көрінеді

27 ақпан, 13:12

Кез келген өркениетті елде адамдар арасында өзара құрмет пен теңдік құндылықтарын қалыптастырып, дамыту қоғамдағы ынтымақтастық рухын қалыптастырып қана қоймай, жани түсетіні де белгілі. Бұл орайда ерекше қажеттіліктері бар жандарға құрметпен қарау айрықша роль атқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекет қоғам алдында барлығына да бірдей мүмкіндік беретінін баса айтқан болатын. Әділдік орнатып, елдің игілігіне айналар қызметтің қай түрі де барлығына қолжетімді болуы тиіс. Сол қызметті атқарушы жандардың еңбегі ескерілетінін атап өтіп, әлеуметтік әлсіз топтардың санатына жататын азаматтар да қолдаудың барлық түрін игілігіне жарататынын жеткізген еді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да орасан мүмкіндігін елдің дамуына, өркендеу үдерісіне жұмсауға бағыттау қажет екенін ескерткен. Ендеше, бүгінгідей әділеттілік орнатуға бағыт алған қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрмет көрсету де бір мысқал кем болып жатқан жоқ.

Мәселен, жақында парадзюдошы Динара Құтжолова кәсіпкердің қолынан жаңа пәтердің кілтін алды. Былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы пара Азия ойындарында қола медаль иеленген спортшыға жерлестері ерекше құрметпен қарайтынын, еңбегін жоғары бағалайтынын осылай паш етті. Мұндай сый-құрмет спортшыға қанат бітірері сөзсіз. «Мен өзімнің жеке баспанам болады деген мақсатқа жақын күндері жетем деген ой болған емес. Тұрғын үй кезегінде де тұрмын. Десе де, кәсіпкер азаматтың еңбегімді бағалап, облыс спортын көтеруге қосқан үлесімді елеп-ескеріп, сыйға пәтер тартуын ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға құрметпен қараудың жарқын үлгісі деп білемін. Құрмет көрсетіп, спорттағы жетістігімізді бағалау бізді қанаттандырады. Алда Париж жазғы Паралимпиада ойындары бар. Міне, сол төрт жылда бір айналып соғатын маңызды додадан да жүлде олжалауға барымды саламын» деді Динара Құтжолова.

Дзюдо дегеннен шығады, пара дзюдодан әлем чемпионы, жазғы пара Азия ойындарының жеңімпазы Ерғали Шәмейдің өмір жолы туралы деректі фильм түсірілді. «Үміт сәулесі» деп аталатын деректі фильм Кения елінде өткен халықаралық конкурста жеңімпаз деп танылды. Бұл да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға көрсетіліп отырған құрметтің бір парасы. Ерғали Шәмей бір сұхбатында мемлекет тарапынан аса қажеттілігі бар жандарға қолдау көп екенін мақтанышпен айтқан еді. Тіпті түрлі жарыстарға аттанар алдындағы оқу-жаттығу жиынына қажеттіліктің барлығын да өтеу мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқанын жеткізген-ді.
Қоғамда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың рухани-мәдени дамуына да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жеткілікті. Мысалы І, ІІ топтағы мүгедек азаматтар мәдениет ошақтарында өтетін іс-шараларға тегін кіріп тамашалай алады. 18 жасқа толмаған балалар да мүмкіндігі шектеулі болса, тегін кіреді. Ал ІІІ топтағы жандар 50 пайыз жеңілдікті пайдалана алады. Мемлекеттік театрларда болатын түрлі спектакльдерді осындай орасан мүмкіндіктің арқасында тегін тамашалайды. Мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылатын мәдени ойын-сауыққа да қатысуға еш кедергі, шектеу қойылмайды.

Мемлекет ешқашан ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды алаламайды. Керісінше, қоғамның дамуына олардың да қосар үлесі зор екенін бағамдап, мүмкіндік береді. Қазақстанның ең қымбат қазынасы – әрбір азаматы болғандықтан да қолдау мен қамқорлық ешқашан тоқтамайды. «Алматы қаласы Түрксіб ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» (ППТК) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алатын балаларға жасалып жатқан қамқорлық соның бір айғағы.

Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің директоры міндетін атқарушы Мәдина Хасенова ерекше қажеттіліктері бар жандар қоғамнан ешқашан шет қалмайтынын айтады.

«Біздің біздің түзеу кабинетте орта есеппен 150 бала көмек алады. Балаларға әр мекреке сайын іс — шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, 1 маусым -халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейірім балаларға!» атты іс -шара өтті. Кеш барысында балалардың белсенділігін қажет ететін ән, бимен түрлі ойындар ойналып, өздеріне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мұндай шаралар ерекше балаларға серпін береді, өмірге деген қызығушылығын арттырып, қатарынан қалмауға талаптандырады. Осындай мереке күндері балғындар ерекше шаттыққа кенеліп, көңілдері қуанышқа толып, мейірімді жандардың жүрек жылуын сезінеді.

Балалардың барлығы да бірдей өмір сүруге құқылы. Тағдыр олардың пешенесіне осындай сырқат жазды екен деп, сыртқа тебуге әсте болмайды. Жеткіншектердің бәрі бірдей бейкүнә екенін ұмытпауымыз қажет. Олардың ерекше болуы – тағдыры деп қабылдап, сәбилердің бақытына қол созып, шұғылалы өмір сүруі үшін қоғам болып қолдау көрсеткеніміз абзал. Бұл бәрімізге ортақ парыз дер едім» дейді Мадина Ғалымбекқызы.

Қазақ қоғамында ынтымақтастық рухты қалыптастыру мақсатымен осындай ізгі амалдардың жиі жүзеге асуы қашанда маңызды.

Қуан Есімбай

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды