Италиядан құмырсқалар «келді»

23 тамыз 2023, 11:59

Сурет: МКД баспасөз қызметі 

Алматының халықаралық әуежайында заңсыз әкелінген құмырсқалар салынған контейнер тәркіленді.

Алматы халықаралық әуежайында мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері тексеріс жүргізу барысында Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер анықтады.
«Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді. Осылайша, рұқсат құжаттарынсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды», — делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша материалдар шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз