Іскер қала: Шымкенттік шаруалар жеңілдетілген несие қол жеткізуде

11 тамыз 2023, 9:55

Шымкентте «Іскер қала» бағдарламасы аясында шаруаларды несиелендіру жұмысы сәтті жүзеге асып келеді. Аталған бағдарлама шеңберінде 10 миллион теңгеден 50 миллион теңгеге дейін 1-2 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру қарастырылған. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 12 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Атап айтсақ, «ОТАН Агро» ЖШС жылыжай кешенінде құлпынай өнімін өсірмек, ал «Shagyr Agro Group» ЖШС жылына 5 мың тонна бройлер құс етін өндірмекші. Сонымен бірге «Ақтас» АӨК бордақылау алаңын құруды, «Agro Lux Flowers» АӨК лаванда гүлін өсіруді жоспарға қойды.

Кепіл мүлкі болса, кез келген екінші деңгейлі банктер мен жекеменшік қаржы ұйымдары шаруаларға тиісті қаражатты беруге мүмкіншіліктері бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан да ауыл шаруашылығы бағытында алынған несиелердің 7-10 пайыз сыйақысы субсидия ретінде өтеледі. Ауыл шаруашылығы бағытындағы бизнес жобаларды қаржыландыру бойынша сұрақтарға басқармаға хабарласу арқылы жауап алуға болады.

Жылыжай шаруашылығын дамыту қала халқының мерзімдік көкөніс өнімдеріне қажеттілігінің орнын толтыруға, бағаның тұрақтануына, сонымен қатар, жұмыс орындарының ашылуына оң әсерін тигізетіні анық. Дегенмен, қазіргі таңда жылыжайдан жиналатын өнімдердің өзіндік құны жоғары болғандықтан бәсекеге төтеп бере алмай, нарықтың басым бөлігінде Өзбекстан Республикасынан импортталған көкөніс өнімдері сатылып жатыр. Бұның басты себебі, өңірдегі коммуналдық төлемдердің көршілес республикаға қарағанда 2 есеге дейін қымбат болуынан шаруалар өнім дайындауға дейінгі жұмсаған шығындарының 50 пайызы осы жарық, газ, көмір отындарына жұмсалуда. Осы мәселе бойынша бүгінгі таңда жылыжайдағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне жұмсалған шығынның жартысын субсидиялау туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша тиісті ведомство субсидиялау заңдылықтарына қатысты қажетті өзгеріс енгізуде.

Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен қолға алынған «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» жобасына биыл 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба, жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады