jasqazaq.kz

Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

21 маусым 2016, 1:09

20160620203517

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Төлеген Болатбек Бақтиярұлы тағайындалды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Болатбек Бақтиярұлы — 1980 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы саясаттанушы, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық ұйымдармен жұмыс және жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2002-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг, әкімшілік, саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарды.

2010-2016 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы наурыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті.

ҚазАқпарат

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады