Ішкі істер органының бұрынғы қызметкерлері жұртты пирамидаға тартып келген

10 қараша 2023, 12:05


Солтүстік Қазақстан облысында «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ашып, 73 адамның ақшасын жымқырған Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсталды.
СҚО экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, өңірде «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылық ету фактісі бойынша үш күдікті ұсталды. Ұйымдастырушылар – ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері. «Тәртіп сақшылары» болғандықтан халық сенім білдірген. Қазіргі таңда бұл пирамидадан зардап шеккен 73 адам анықталды. Жалпы сомасы – 82 млн теңге.
«Qnet» қаржы пирамидасы СҚО аумағында 2018 жылдан 2021 жыл аралығында жұмыс істеген. Ұйымдастырушылардың бірі халықаралық ұйымның сайтына тіркеліп, тәуелсіз өкіл ретінде сертификат алған. «Qnet»-ке кіру үшін тұрғындар 600ден 800 мың теңгеге дейін төлем жасаулары керек болған және 40 мың теңгені кеңсені жалдауға аударған. Сол үшін оларға саяхатшы картасы берілген. Азаматтарды тарту мақсатында ұйымдастырушылар кеңсе бөлмелерін жалға алды, онда кездесулер, оқыту семинарлары, дәрістер, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді», — делінген баспасөз хабарламасында.
Істің барлық үш қатысушысы ұсталды және қамауға алынды. Оларға қатысты тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу