Ішіп алған Ұланғасыр Қамиев тойдың шырқын бұзды (Видео)

31 шiлде 2023, 15:54

Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтуда. Желіде тараған ақпаратқа Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді.

«29 шілде күні Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртістің бірі той қонақтарымен төбелесіп қалды. Әншінің Ұланғасыр Қамиев екені айтылуда», — деп жазылған видео сипаттамасында. Бейнежазбадан алдымен жас әншінің тойда өнер көрсеткенін байқауға болады. Ал кейінірек көшеде жас жігітті құлатып, оны ұрып-соққан сәт көрсетілген. Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. «Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп атап өтті департаментте.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады