Ақмола облысында ішінде 3 миллион теңгесі бар сейфті қолды қылған адам ұсталды. Ол Қима ауылындағы шаруа қожалығына тиесілі темір жәшікті бұзып аша алмаған соң көтеріп алып кеткен, деп хабарлайды ktk.kz.
33 жастағы күдікті шаруа қожалығының кеңсесіне осылай терезені сындырып кірген. Сөйтіп ақшамен қоса құжаттар мен мөрге дейін сақталған сейфті де көтеріп кетіпті. Көп кешікпей күдікті қолға түсті. Ол аталған ауылдың тұрғыны әрі осы қожалықтың жұмысшысы екен. Яғни күдікті орақ науқаны аяқталғаннан кейін мұнда істейтіндерге жалақы әкелінетінін жақсы білген. Кінәсін мойындаған жігіт мұндай әрекетке мас күйінде барғанын айтып отыр. Ал сейфті ол сөмкеге салып, үйілген қидың арасына жасырыпты.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Сейф сонша үлкен емес. 30 да 40 сантиметр. Сондықтан күдікті оны оп-оңай көтеріп әкеткен. Кеңседе дабыл қаққыш та, күзет те болмапты. Қазір күдікті уақытша қамау абақтысында отыр.