jasqazaq.kz

Ішін ұстап тексерді: Түркістанда жүкті әйелдің күйеуі фельдшерді қызғаныштан сабап тастаған (Видео)

28 тамыз, 10:33

Түркістанда медициналық көмек көрсетуге барған фельдшер соққыға жығылды. Түсік тастау қаупімен шақыртқан келіншекті көруге барған 26 жастағы Құдырет Мүтәліповті пациенттің күйеуі ұрып тастаған. Ауыр соққы алған жедел жәрдем қызметкері миы шайқалып, қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Жедел жәрдем фельдшері Құдірет Мүтәліповке кезекті шақырту жүкті келіншектен түседі. Жанына практикант қызды ерткен фельдшер соқыр ішектен күдіктеніп, аяғы ауыр келіншектің ішін ұстап тексереді. Бірақ мұнысы жанында тұрған күйеуіне ұнамапты. Келіншегіне бөтен еркектің қолы тигеніне шамданған азамат медицина қызметкерін, әй-шәй жоқ, сабап тастаған.

Жанель Қуанышбек, практикант: — Алдымен бетінен жұдырықпен ұрды, оң жақ бетінен ұрды. Ұрған кезде басы қабырғаға соғылып, отырып қалды. Аяғымен бар күшімен бетінен тепті. Мең-зең болды. Кейін аяғымен үшінші рет тепті. Сол кезде иығына тиді. Иығына тигеннен кейін, анасы артынан құшақтап ажыратып алды.

Көмектесем деп барып, таяқ жеп кеткен фельдшерге жедел жәрдем шақыртылып, ол ауруханадан бір-ақ шықты. Басынан ауыр жарақат алып травматология бөлімінде жатқан 26 жастағы жігіт уақытша есін жоғалтыпты. «Кешегі күн мүлдем есімде жоқ» деген ол, сөйлеуге де құлықсыз. Дәрігерлер Құдірет Мүтәліпов өзіне келу үшін әлі екі аптадай емделуі керек деп отыр.

Бекзат Берденов, Түркістан орталық ауруханасының бас дәрігері:  Тиісті диагностика зерттеуі жүргізіліп, жабық бас жарақаты, миының шайқалуы, көзінің жұмсақ тіндері зақымданған, гематома диагнозымен травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазір науқастың денсаулығы орташа ауыр. Тиісті мамандардың кеңесі тағайындалды.

Қызметкері соққыға жығылған Түркістан облыстық жедел жәрдем стансасы басшылығы фельдшер аяғынан тік тұрып кеткенше, жұмыс орны сақталады дейді. Сондай-ақ олардың айтуынша, жұдырығы жуан сотқар мен жәбірленушінің туыстары өзара келісімге келіп, кешірім берді деп отыр.

Нұрмұхан Абдулла, Түркістан облысы жедел жәрдем станциясының заңгері: — Біздің қызметкер кешірім берген. Қос тарап сөйлесіп, ол кісіге кешірім берген. Ешқандай арыз берілмеген. Полиция қызметі шақырту ала сала, негізі, тіркеу керек. Бізден жедел жәрдем барды. Біз еңбек инспекциясына жазып қойдық, Ауруханадан анықтамасын аламыз, денсаулығы жайында, оны да еңбек инспекциясына жолдаймыз.

Кеше болған оқыс оқиға жайлы Түркістан облысы полиция департаменті ешқандай түсініктеме бере алмайды. Жуан жұдырықты тұрғын туралы да ақпарат жоқ. Ем көрсетем деп соққыға жығылған фельдшер әзірше Түркістан ауруханасында емделеді. Түсініктеме алу үшін әзірге полицейлер мұнда да бас сұққан жоқ .

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда