Конор МакГрегорды іздестіріп жатқан ирландиялық мафия оның басына 900 мың доллар тікті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Еurosport.ru басылымына сілтеме жасап.
Спортшы барда отырған жерінде Райан Берн ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшесін ұрып тастаған. Осы оқиғадан кейін ирландиялық мафия Конор МакГрегорды іздестіріп жатыр. Басылымның хабарлауынша, МакГрегор Берн қысым көрсетпек болған жақын досын қорғау үшін төбелескен. Мұнымен қатар, бұл төбелеске 50 жастағы Грэм Уилан араласқан.
UFC бұрынғы спортшысы Брендон Шауб Берннің кортелі МакГрегордың басы үшін 900 000 доллар тағайындағанын айтқан болатын. Яғни спортшы қылмыстық ұйымға осы ақшаны төлеуі тиіс немесе өмірімен қош айтысады. Ал қылмыстық істер бойынша сарапшы Пол Уильямс МакГрегорға 48 сағат ішінде Ирландиядан кетуге кеңес берді.
«Келіп, басымды алып көрсін», — дейді МакГрегордың өзі бұл мәселеге қатысты.