Ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуы талқыланды

29 қыркүйек 2023, 13:05

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі жазғандай, жиында республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 270 км «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысын, сондай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқыланды. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталықты «G4 City» жобасын іске асыру аясында ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отырыста «Қашаған» кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.
JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді