jasqazaq.kz

Ірі банктердің қызметкерлері адам ұрлап, күштеп несие рәсімдеген

02 қыркүйек 2025, 16:14

Әр өңірде адамдарды ұрлап, олардың атына несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ақмола облысы прокурорлары анықтағандай, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 25 адам болған.  Олардың арасында бірнеше банктердің Kaspi Bank, Forte Bank, «Еуразиялық Банк», Jusan bank) қызметкерлері болған. Олардың қатысуымен бес жылдан астам уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған.

Ақмола облысының прокуратурасы хабарламасында: «Республика бойынша осындай қылмыстардың құрбаны болғандар 348 адамға жеткен. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады. Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды: Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленгеннің жалпы құны – 2,7 млрд теңге», — деп жазылған.

Қазіргі кезде қылмыстық топ мүшелері түгелдей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

JQ-Aqparat

Сурет: Устинка LIVE

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр