jasqazaq.kz

Иран ШЫҰ-ға толық мүше болу туралы меморандумға қол қойды

15 қыркүйек 2022, 15:07

Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Иранға ШЫҰ-ға толыққанды мүшелік беру жайлы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иран Сыртқы істер министрі атап өткендей, құжатқа 14 қыркүйекте Самарқанда қол қойылған.

Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан:

Біз әртүрлі экономикалық, сауда, транзиттік және энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Ұйымның Бас хатшысы Иранның тұрақты қосылуы және құжатқа қол қоюымен құттықтап, оны маңызды оқиға деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі меморандумға қол қойғаннан кейін кеше Иран Ислам Республикасының ШЫҰ-ға мүшелігінің аяқталуына қатысты барлық құжаттың Министрлер кабинетінде бекітіліп, Мәжілістің қарауына және құқықтық процедураларға жіберілгенін айтты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының айтуынша, Иранның ШЫҰ-ға кіруі ұйымды нығайтып, ілгерілетеді.

15-16 қыркүйекте Самарқанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ