jasqazaq.kz

Ипотекасын төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі

17 қазан 2016, 22:09

b2a30b17185dff145da299ea7de6263f

Жалғыз баспанасының ипотекасын төлей алмай жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  мәлімдеді.

  «Қайта қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекасын төлей алмай, банктерге қарыз болып қалған азаматтарға көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама проблеманы шешуге және xалықтың әлеуметтік осал топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді», — дейді Қ.Бишімбаев.

Айта кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 130,0 млрд теңге бөлді.

365info.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді