jasqazaq.kz

Интернетте табыс табамыз деген қостанайлық бірнеше оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

12 қараша 2025, 11:31

Қостанайда бірнеше жасөспірім алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ полицияға сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Щербаково және Қашар кентінде тұратын 13-14 жастағы жасөспірімдер интернетте «жұмыс істеп, табыс табу» туралы шешім қабылдаған.

«Белгісіз адамдардың өтініші бойынша олар ондаған SIM-картаны қосып, оларды үшінші тұлғаларға пайдалануға берді. Бұл нөмірлерді алаяқтар мессенджер шоттарын құру және аймақ тұрғындарын алдау үшін пайдаланды.

Жалған аккаунттар арқылы алаяқтар таныс сценарий бойынша әрекет етті. Олар азаматтарға»есептегіштерді тексереміз» немесе «сізге сәлемдеме келді» деген хабарламалар жолдаған. Осылайша олар азаматтарды алдап, шамамен 8 млн теңге шығынға батырған», — дейді полиция өкілдері.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер телефондар мен SIM-карталарды тәркілеген. Полиция мәліметінше, жасөспірімдер өздерінің қатысы бар екенін мойындады. Қазіргі таңда қылмыстық схеманың барлық қатысушысы анықталып жатыр.

Сонымен қатар Щербаково ауылынан тағы бес оқушы осындай принцип бойынша әрекет еткені белгілі болды. Олардың ата-аналары заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция басқа адамдарға тіркелген SIM карталарды жалға беру заңды бұзу екенін еске салып өтті.

Осындай нөмірлер көбінесе алаяқтық және басқа да қылмыстар үшін қолданылады.

фото: pixabay.com

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді