jasqazaq.kz

«Интернет қымбаттайды». Жанарбек Әшімжан: Өзара сөз байласу емес пе? (Видео)

11 желтоқсан 2025, 10:50

 Интернет тарифі тағы да қымбаттайды. Мәжілісмендер ұялы байланыс операторлары өзара сөз байласып, бір түнде қызмет құнын көтеруге келіскен болуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бүгін Жанарбек Әшімжан депутат сауалында «Теле 2», «Алтел», «Билайн» сынды үш ірі компанияны қатаң тексеру керек деп қадап айтты. Оның айтуынша, екі жылда интернет тарифінің құны шамамен 60 пайызға дейін шарықтаған және соңғы уақытта үшеуі де бағаны бірдей көтергеніне күдіктеніп отыр. Ал компаниялар бұл жағдайды шығынның көбеюімен байланыстырады. Қазір интернетсіз жұмыс істеу, білім алу, тіпті мемлекеттік қызметке қол жеткізу де қиын. Депутат бағаны көтере беретін компанияларға тосқауыл қою керек дейді.

Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты:

— Таяуда Қазақстанның ұялы телефон операторлары – Altel, Tele2 и Beeline ұялы телефонның абонент төлемін 20-пайызға өсіретінін мәлімдеді. Аталған операторлар интернеттің де тарифін 20-пайызға өсіреді деген сөз. Солай ашық мәлімдеді. Расында, үш ірі оператордың тарифті бірдей көлемде, бір уақытта қымбаттатуы қоғамда үлкен күмән тудыруда. Бұл — компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе?

 

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді