Интернет-алаяқтар тобы ұсталды

21 қыркүйек 2023, 12:27

ШҚО полицейлері қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған интернет-алаяқтар тобын құрықтады.

Polisia.kz жазғандай, ШҚО ПД криминалдық полиция “Киберпол” қызметкерлері интернет-алаяқтық фактілері бойынша көп эпизодты қылмыстық істі ашты. Бұған дейін Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны өтінішпен жүгінген. Ол белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан. Сұхбаттасушы оның атына ақшалай несие ресімделгенін айтып, өз көмегін ұсынған. Банктің жалған қызметкері сенгіш жәбірленушінің сауалнамалық деректерін алып, оған 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үш күдіктінің жеке басын анықтады. Тәртіп сақшылары олардың үйлеріндегі заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Алаяқтардың шотында бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден астам жәбірленуші бар, ал залал сомасы шамамен 80 миллион теңгені құрайды. Жас адамдар жұмысты танымал мессенджер арқылы тапқаны анықталды. Олардың рөлі қылмыстық жолмен алынған бөтен адамдардың ақшасын банкоматтар арқылы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру болған. Кейін олар мәміленің белгілі бір пайызын алып, ақшаны криптовалютаға аударып отырған.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді