Инновацияны жасайтын жастар

18 қараша 2016, 11:27

Жуырда жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов бастаған бір топ экономист дөңгелек үстел өткізіп, еліміздегі инновациялық экономиканың дамуы жайында сөз етті. Мәселен, жиынға қатысқан бір кәсіпкер Ақтөбеде наноцемент жасаудың жолын тапқан өнертапқыштың еңбегін атап өтті. Ал профессор Ләззат Құлымбетова жасыл экономиканың тиімділігі туралы айтты. Сондай-ақ «Тұран» университетінде студенттердің жобасын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін бизнес-инкубатор ашылған еді. Осы және өзге де инновациялық жобалар бойынша белгілі экономист, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Рахман Алшановтан сұхбат алдық.

r-alshanov-kopiya

Жас қазақ: Қазіргі еліміздегі инновациялық экономиканың дамуы, оның қадамы туралы айтсаңыз?
Рахман Алшанов: Енді біз шынымен ізденісте жүрміз. Инновация бізге керек. Шикізатқа шектеу қойылып, ертең 25-40 жылда мұнай қоры да таусылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы саласынан басқа бағытты да қарастырғанымыз абзал. Біз ең бай елдің біріміз. Оның нәтижесін алдағы уақытта әлі талай көреміз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері экономикамыз өсті, тұрақтылық пайда болды. Бірақ соңғы кезде шикізат бағасының 30-40% төмендеп кетуі экономикамызға салмақ болды. Қазір жақсы бизнес жоспар құруды үйренгеніміз дұрыс. Мәселен, Астанада 250 млн долларға ескі дөңгелекті өңдейтін үлкен кәсіпорын салынды. Ол іске қосылғаннан кейін, тауарды қайда жіберетінімізді ойластырған жөн. Бизнес жоспар дегеніміз сол. Кім әкеледі, қайдан әкеледі? Өнімді қайда өткізеді? Осы мәселені барлығы ескерілуі керек. Мәселен бір қаладан екі бірдей өндіріс орнын ашуға болмайды. Қазіргі таңда ең өзекті мәселе жас кәсіпкерлерді тәрбиелеу, бизнесіне қолдау көрсету.

Жас қазақ: Сіздер жуырда университет қасынан жастарға демеу болу мақсатында бизнес-инкубатор ашқандарыңыз белгілі. Бұл жобаларыңыз қаншалықты жүзеге асып жатыр?
Рахман Алшанов: Инновацияны жасайтын жастар. Бұл менің ашып отырған жаңалығым емес. Халықаралық тәжірибе осыны көрсетіп отыр. Қазіргі таңда үздік инновацияларды қолдану жағынан біз үздік елдердің қатарындамыз. Әсіресе мұнай саласында талай заманауи әдістер қолдануда. Бұл аса көзге көріне бермейді. Бәріміз мұнай жер бетіне атқылап шығып жатыр деп ойлаймыз. Бірақ ол қандай жолмен алынып жатқанынан бейхабармыз. Алтын алу бойынша да жаңа әдіс қолданысқа енгізілді. Алайда жаңа салалар бойынша біздің тәжірибе аздау. Себебі жиі өзгеріп тұрады. Қарапайым ұялы телефонның өзі жыл сайын жаңарып отырады. Біз қазір «Тұран» университетінде студенттердің білім алу жүйесін өзгерттік. Ертең олар қоғамға қажетті мамандықты алып шықса деген ниетіміз бар. Арнайы бизнес жобаларының байқауын өткізуді қолға алдық. Өткен жылға қарағанда, биыл қатысушылардың саны он есе артық болды. Былтыр бұл жобаға 50 студент қатысса, биыл 500-ге жуық студент қатысты. Соның ішінде 27 жоба ең үздік деп танылып, соның жетеуіне арнайы кабинет жасақтап бердік. Олар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Отыратын орны, ғаламтор, компьютер бәрі қойылған.

student
Жас қазақ: Олар немен айналысып жатыр?
Рахман Алшанов: Түрлі жоба бар. Соның бірі – кәдесый ойыншықтарын жасау. Кез келген мерекеге арзан бағамен сатып алуға болады. Қазір 2 млн теңгенің тапсырысын алып, жұмыс істеп жатыр. Екінші жоба 3D бойынша түрлі бағдарлама жасау. Оларға қолдау көрсету үшін қажетті құрал жабдықты алып бердік. Жасаған жұмысының жемісін көріп отырғандықтан, қызығушылық танытып отыр. Негізгі мақсат – студенттерге қолдау көрсету. Олардың бизнесінің тұсауын кесіп беріп, әрі қарай алып кетуіне жағдай жасау. Бағыт-бағдар беру. Оқу процесін де осыған бейімдеп жатырмыз. Ертеңгі күні студент не істеймін деп ойланып отырмауы керек. Өзі жасаған жобасының жемісін көру керек. Түрлі мекемеге түйіндемесін таратып, жұмыс іздемеуі үшін өзінің алдына қойған нақты мақсаты болғаны абзал. Биыл байқаудан өтпей қалған студенттерге келер жылға жетілдіріп келуге кеңес береміз. Алматы елімізде инновациялық жобалар бойынша алда келеді. Жастар көп. Ғылыми институттың басым бөлігі осында шоғырланған. Тек университет қасынан емес, қала жастарының мүмкіндігін жүзеге асыратын инновациялық орталық құрсақ деген ниет те бар. Мұнайдан өзге саланы дамытсақ. Қарап отырсақ, тіпті мұнайсыз да кейбір елдер дамып отыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Оңтүстік Кореядан неге Бразилия артта. Себебін анықтап көрсек, кадр дайындау мәселесінде екен. Бразилия Оңтүстік Кореядан он есе PhD докторын аз дайындайды екен. Қазір таңда бакалавр, магистр, PhD деп бөлінеді. Ал біздің елде 90% бакалавр дайындайды екенбіз. Ал инновацияға келетін болсақ, бакалаврдың білімі жетпейді. Ал Оңтүстік Корея 59 мың PhD дайындайды екен. Бізде еліміз бойынша шамамен 500 адам. Өз экономикамызды дамыту үшін отандық өнімді дамыту керек. Ол қазір қолға алынды. Сырттан әкеліп жатқан кейбір өнімдерді өзіміз өндіруге шамамыз жетеді. Себебі шикізат, өнімге сұраныс бар.
Жас қазақ: Жалпы, елімізде сан түрлі инновациялық жобаларды қолға алып жүрген жастардың қадамына берер бағаңыз қандай?
Рахман Алшанов: Қазіргі балалар есептеу жағына мықты деп айта аламын. Олар интернет арқылы жан-жақты талдау жасап отыр. Ал осы жобаларды өз елімізде дамытуға әрекеттенуіміз керек. Мысалы, жақында жастарымыз шағын акционерлік қоғам ұйымдастырып, жобаларын сатты. Айталық, олардың жобасы 5 мың еуро, ал ірі кәсіпорын оны 50 мың еуроға сатып алды. Сондықтан жақсы жобалар сатылуы керек. Ол үшін арнайы бір жүйе болу тиіс. Елімізде ақшасы бар адамның идеясы жоқ, ал идеясы бар адамның ақшасы жоқ. Осы екеуінің басын қосу керек. Осы инновациялық жоба аясында ұйымдастырылатын конференцияларда инвесторлар мен жоба авторларының басын біріктірсек. Ортақ пікір алмасуына септігін тигізсек. Мысалы, біз Қытайдан үйренуіміз керек. Олар бір жерге барса, барлығы топырлап жүреді. Біреуі жазып, біреуі суретке түсіріп, біреуі ақпарат жинап дүниежүзін шарлап жүреді. Неге бізге осылардан үйренбеске. Бізде жұмыс қолы бар. Соны біріктіретін ой болмай тұр. Біріктіретін жоба болмай тұр. Сол үшін насихат керек. Сондықтан мектептен бастап нақты бағыт берілуі тиіс. Баланың болашақта кім болатыны мектептен қалануы керек.

Сұхбаттасқан
Елдос Өмірзақұлы

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде