jasqazaq.kz

InEco Fest — Алматы қаласының жүрегіне қайта оралды

05 тамыз, 14:28


2025 жылғы 1 тамыз Алматы қаласы
Үлкен мегаполистің қақ ортасындағы жасыл табиғат пен адам тең дәрежеде кездесетін, шабытты оқиғалар мен пайдалы білімге толы, қамқорлық пен жауапкершіліктің рухы билеп тұрған оазиске қош келдіңіздер. InEco Fest 2025 – бұл инклюзияны, экосана мен тұрақты даму идеяларын тоғыстыратын, Алматының жүрегіндегі Ботаникалық бақта өтетін елдегі жалғыз әрі қайталанбас отбасылық фестиваль.

2025 жылдың 15 тамызында Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта экология мен инклюзияға арналған жыл сайынғы екінші InEco Fest 2025 фестивалі өтеді. Іс-шараны «ITeachMe» қоры Ботаника және фитоинтродукция институтымен (Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ) бірлесіп, «Шеврон» компаниясының серіктестігімен ұйымдастырады.
InEco Fest 2025 фестивалінің мақсаты – әрбір адам өзінің мүмкіндігіне қарамастан өзін еркін көрсете алатын, шабыт беретін, инклюзивті және экологиялық орта қалыптастыру. Бұл – табиғатпен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жауапкершілік пен қамқорлықты бағалайтын жандарға арналған фестиваль.
Биыл фестивальге 4000-нан астам қонақтар, балалар, ересектер, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, бизнес өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысады деп күтілуде.

Биыл фестиваль ерекше — ойын түріндегі квест форматында өтеді. Қонақтар әрбір белсенділікке қатысқаны үшін шағын сыйлық – моншақ алып отырады. Түрлі алаңдарды аралап, белсенділік танытқан қонақтар фестиваль соңында өз қолымен бірегей жасалған білезік құрастырады. Бұл білезік – саналы қоғам құру жолындағы жеке үлестің символы болмақ.
Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі – мүгедектігі бар қыз-келіншектер қатысатын инклюзивті сән көрсетілімі болмақ. Бұл көрсетілім – сұлулық пен тең мүмкіндіктердің нышаны ретінде есте қалады.

12:00 мен 16:00 аралығында фестиваль аумағында 8 тақырыптық алаң жұмыс істейді. Қонақтарды түрлі шеберлік сабақтары, интерактивті ойындар, балаларға арналған ертегі-аудио саяхат, ботаникалық бақ бойынша экскурсиялар, эко-жәрмеңке және қайырымдылық маркет күтеді.

16:00-ден 20:00-ге дейін Бас сахнада танымдық дәрістер мен перфоманстар өтеді. Фестивальдің бас жүргізушісі – театр және кино актері Чингиз Капин.
Кештің соңында көрермендерге ARTиШОК театры әртістерінің өнері мен режиссер Қанат Бейсекеевтің Алматыдағы смог мәселесіне арналған деректі фильмі ұсынылады.
Отбасыңызбен келіңіз! Фестивальдің барлық белсенділіктеріне қатысу — Ботаникалық бақтың стандартты кіру билетімен!
Отбасыңызбен бірге келіп, шабыт алып, жақсы көңіл-күймен қайтыңыздар!

Өтетін орны: Алматы қаласы, Бас ботаникалық бақ, (солтүстік кіреберіс) Тимирязев көшесі, 36-үй, (батыс кіреберіс) Тимирязев көшесі, 36-үй, 3-қосымша, (оңтүстік кіреберіс) Әл-Фараби даңғылы, 71а
Күні: 2025 жылдың0 15-ші тамызы
Уақыты: 12:00–20:00 аралығы

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады