Индира Еділбаева: Орамал тағып, сәлем салмаймын

20 қыркүйек 2023, 13:17

Жақында тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған Индира Еділбаева “НТК” арнасына берген сұхбатында өміріндегі өзгерістер жайлы айтты.

“Өмірімде кереметтей өзгеріс жоқ. Себебі біз ата-аналарымыздан бөлек тұрамыз. Тамақ әзірлеу, киім жуып, үтіктеу маған ұнап жүр. Оған себеп, біріншіден, махаббат. Екіншіден, осындай үй тірліктерімен айналысқым келді. Мен бұдан ләззат аламын”, – дейді әнші.

“Яғни, сіз үйде орамал тағып, сәлем салмайсыз, солай ма?” деген журналистің сауалына: “Иә, бізде ондай жоқ”, – деп жауап берді.

Индира Еділбаева көптен күткен тойына төрт ай дайындалған.

“Тойды ұйымдастырушылармен ақылдаса отырып жасадым. Көңілімнен шықты. Тойымның қалай өткенін есіме алсам керемет күйге енемін. “Жарайсың, жақсы істедің” деп өзімді мақтаймын”, – дейді әнші.

Өнер иесі шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. Индира Еділбаеваның күйеуі Камалдин – медиа менеджер. Оның айтуынша, жұбайымен болашақта бірге жұмыс істеуге қарсы емес.

“Күйеуіммен болашақта мүмкін бірге жұмыс істейтін шығармыз, алдағы уақытта көре жатармыз. Мүмкін мен “мүлде ән айтқым келмейді” дейтін шығармын. Бірақ олай болады деп ойламаймын”, – дейді Индира Еділбаева.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді