ІІМ: Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады

02 қазан 2023, 12:48

Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек кәмелетке толмағандар арасында тіркелген есірткі қылмыстары туралы деректер келтірді.

«Егер 2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар», — деп тоқталды ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен бірге ол елдегі криминогендік жағдайды баян етті. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде Қазақстанда 2 526 қылмыс жасалып, оның 1 556-сы тәулік ішінде ашылған.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді