ІІМ: Мопедистердің кінәсінен екі күнде 3 адам қаза тапты

03 қазан 2023, 11:41
sputnik

sputnik

Елімізде электрлі самокаттар мен мопед жүргізушілері көбейе бастады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлім етті.

«Соңғы жылдары электрлі самокаттар мен мопедтер көбейді. Олардың саны енді артпаса, төмендемейді. Тек соңғы екі күнде мопедистердің кінәсінен 3 адам қаза тапты. Биыл 30 тамызда Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды. Онда электрлі самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды», — деді Марат Қожаев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, қыркүйек айында ғана самокат жүргізушілері тарапынан 1,7 мыңнан астам бұзушылық анықталды.

«Оның ішінде 562 факті бойынша кәмелетке толмағандар болып шықты. Бұл мәселені полиция арқылы шешу мүмкін емес. Әкімдіктер тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қажет, бөлінген жолақтарды жайластыру, жеке веложолдар салу, электрлі самокаттардың қозғалысына тыйым салынған аймақтарға бөлу керек», — дейді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді