jasqazaq.kz

ІІМ Маңғыстаудағы ірі жол-көлік апатына қатысты мәлімдеме жасады

11 қыркүйек 2025, 21:56

ІІМ Маңғыстаудағы қайғылы жол апатына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 
Polisia.kz мәліметінше, Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік оқиғасына байланысты ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

«Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексерілуде», — деді ІІМ ресми өкілі — департамент бастығы Шыңғыс Әлекешев.

Белгілі болғандай, жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірлерден келген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Ішкі істер министрлігі әкімдіктер мен профильді мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына кешенді көмек ұйымдастыруда..
Қаза тапқандардың денесін өңірлерге жеткізіледі.  Туыстарымен тұрақты байланыс орнатылып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем жасалады.
Заң аясында, сақтандыру және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қолдау көрсетіледі.Туыстарына барлық ақпарат дереу беріліп отырады.
«Ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар барлық жүргізуші мен тасымалдауды ұйымдастырушыларды жолда қауіпті жағдай тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауға, көлікке артық жүк салмауға шақырамыз. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін», — деді Шыңғыс Әлекешев.

JQ-Aqparat

 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат