jasqazaq.kz

ІІМ: Көлік жүргізушілер қауіпсіздік талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтауға міндетті

18 желтоқсан, 11:16

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды jasqazaq.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жүргізуші көліктерін Мемлекеттік тумен безендіріп, жолға шығып, өздерінің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімдерін көрсетті.
ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова: «Құқықтық тұрғыдан мемлекеттік туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті. Бірақ кейбір азаматтар мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Мысалы, 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың Мемлекеттік туды пайдалануға қатысы жоқ. Сонымен қатар Алматы қаласында полиция қызметкерлері шарлармен безендірілген қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ көлікті заңсыз тоқтатуға байланысты деректер тексерілуде. Кінәлі полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Полиция мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды және азаматтарды Жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тек ресми мәліметтер мен ақпарат көздеріне сенуге шақырады», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет