jasqazaq.kz

ІІМ: Халықаралық кибералаяқтық арнасы жойылды

12 қыркүйек 2025, 12:53

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде ТМД елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz..
Polisia.kz мәліметінше, 8 қыркүйекте күдікті Бішкек қаласында ұсталды. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим-бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен астам SIM-карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған. Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан жаппай фрод-қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені – азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау. Жалпы жыл басынан бері Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті 77 сим-боксты және алаяқтар пайдаланған 90 мыңға жуық SIM-картаны тәркіледі. Еске сала кетейік, 16 қыркүйектен бастап дроптардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік, онлайн-несие беруді шектеу және SIM-карталардың айналымын реттеу сияқты жаңа заң нормалары күшіне енеді.
JQ-Aqparat
Сурет: рolisia.kz

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат