ІІМ: Есірткі саудалаушылар «OLX» сайтын белсенді пайдалануда

07 қараша 2023, 16:39

Биыл 10 айда елімізде 2405 есірткі қылмысы жасалды. «Интернет желісі арқылы есірткі сату қылмыстарын ашу жұмыстары тұрақты жүруде. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне 3,2 мыңнан астам есірткі сайттарын бұғаттау туралы сұрау хаттар жолданды. Алайда бүгінде есірткі жарнамалайтын сайттар жылдам ауысады», — деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ өкілінің мәліметінше, биыл 10 айда 2405 есірткі қылмысы, оның ішінде 1287 өткізу және аса ірі көлемде 415 есірткі сақтау фактісі анықталды.
Одан бөлек 32 тонна 642 келі әр түрлі есірткі, оның ішінде 62 келі героин, 5 тоннадан астам кептірілген марихуана, 503 келі гашиш және 255,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.
«Есірткі сату бойынша «OLX» сайтының танымалдығы басым. Тек жыл басынан бері компаниямен біздің министрліктің бастамасы бойынша полицейлермен және сервис қызметкерлері үш мыңнан астам хабарландыруды жойды», — дейді ол.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу