jasqazaq.kz

Игі бастамалар – халық игілігі үшін

05 тамыз, 12:15

Қазақ халқы ерте кезден-ақ еңбектің мәні мен маңызын терең түсініп, ұрпағына еңбекқорлықты аманат етіп қалдырған. Ел аузында кең тараған «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек – ерлікке жеткізеді, ерлік – елдікке жеткізеді», «Еңбегі аздың – өнбегі аз, еңбегі көптің – өнбегі көп» секілді мақал-мәтелдер осының дәлелі. Мұндай дана сөздер ұрпақ тәрбиесінде тек нақыл ретінде емес, өмірлік бағыт-бағдар ретінде қолданылып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып отырған.

Бүгінде еңбек етуге барынша қолайлы уақыт келді. Қазақстанда еңбек нарығын жандандыру, халықты жұмысқа тарту бағытында мемлекет тарапынан ауқымды мүмкіндіктер ұсынылуда. Мектеп пен колледжді енді аяқтаған жас түлектерден бастап, зейнет жасына таяған азаматтарға дейін – барлығы үшін жұмыс табу жолдары қарастырылған. Тіпті, кәсіби мамандыққа баулып, қайта оқыту курстары да ұйымдастырылып келеді.

Осы бастамалар негізінен халықты масылдық көзқарастан арылтып, өз еңбегімен табыс табуға ынталандыруды көздейді. Дегенмен, бұл мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат әр адамға бірдей жетпеуі мүмкін. Сол себепті әлеуметтік сала мамандары, жұмыспен қамту орталықтары мен жастар ресурстық ұйымдары халықты ақпараттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде.

Жуырда осындай маңызды іс-шаралардың бірі Шымкент қаласындағы халық көп жиналатын «Алаш» базарында ұйымдастырылды. Абай ауданының Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары базар келушілерімен және жұмыс іздеуші азаматтармен кездесіп, мемлекет ұсынатын бағдарламалар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында мамандар тұрғындарға келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: Тұрақты жұмыс орындарына орналасу жолдары, субсидияланатын жұмыс орындарының шарттары, қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстары, кәсіп бастауға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар, еліміздің түрлі өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасының мүмкіндіктері.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға жұмыспен қамту бағдарламалары туралы жан-жақты мағлұмат беру және оларды еңбек нарығына белсенді түрде тарту. Мамандар әр тұрғынның жеке сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаға қатысу шарттарын, қажетті құжаттар мен өтініш беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Келушілер де бұл бастамаға оң көзқарас танытып, мамандарға алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары аясында 21 758 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 21 370-і – тұрақты, ал 388-і – уақытша жұмыс орындары болмақ. Салыстыра айтсақ, өткен жылы 26 482 жұмыс орны ашылған болатын. Биылғы жылы құрылатын жұмыс орындарының 2 610-ы қалалық даму концепциялары негізінде болса, қалған 19 202 жұмыс орны жеке бастамалардың арқасында пайда болады деп жоспарланған.

Осындай жүйелі шаралар арқылы мемлекет халықты еңбекке тарту бағытында тиімді әрі тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ал азаматтар үшін бұл – өзін-өзі қамтамасыз етіп, өмір сапасын арттырудың нақты мүмкіндігі.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті