jasqazaq.kz

Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

11 қараша, 11:30

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес сотталушыға қатысты үкім жарияланды.

kaz.inform.kz хабарлағандай, Хасан Қасымбаевпен бірге айыпталушылар орындығында Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров отыр.

Олардың бәріне Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және қорқытып ақша алу.

Сот үкімімен Хасан Қасымбаев кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Істің мән-жайы

Тергеу материалдарына сәйкес, айыптау екі эпизод бойынша тағылған. Жәбірленушілер ретінде кәсіпкер Әріпжан Тәжіев пен фитнес-жаттықтырушы Арман Әлімов танылған.

Соттағы жағдай

Іс қоғам назарын аударғандықтан, Талғар аудандық сотының ғимараты күшейтілген күзетке алынды. Сот аумағында және сыртында полиция қызметкерлері кезекшілік етті, сот маңындағы қозғалыс уақытша шектелді.

Сот отырысына көп адам — негізінен айыпталушылардың туыстары жиналды. Залда кей сәттерде айғай-шу байқалды. Кісі қарасы көп болғандықтан, журналистер процесті көршілес кабинеттен бақылаған.

Отырыс кезінде кейбір сотталушылар бейнежазба жүргізуге қарсылық білдіріп, түсірілімді тоқтатуды талап еткен. Олар күзет тұрған кабинаның әйнегін ұрғылаған.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Қасымбаевқа — 15 жыл, ал қалған сотталушыларға 9 жылдан 22 жылға дейінгі мерзім сұраған болатын.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қараша айында қамауға алынды.

Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылды.

Фото әлеуметтік желіден

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған