jasqazaq.kz

Халықты жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттың жаңа бағдары

14 шiлде, 22:59

Шымкентте жұмыспен қамту шаралары арқылы патерналистік көңіл күйді төмендету бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Үшінші мегаполисте әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қалыптасуда: атаулы көмек пен жәрдемақыға иек артқан масылдық көңіл күйден — еңбекке, өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылысқа бетбұрыс байқалады. 2025 жылы халықты жұмыспен қамту шараларына тарту арқылы тек жұмыссыздық деңгейін төмендету ғана емес, сонымен қатар азаматтарды әлеуметтік белсенділікке ынталандыру мақсаты алға қойылған.

Жоспар бойынша биыл 49 733 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, жартыжылдық қорытындымен бұл көрсеткіштің нақты 15 412 адамды немесе 31 пайызын ғана қамту мүмкін болды. Бұл — межеленген меженің толық орындалмауына қарамастан, ілгерілеу барын білдіреді. Әлеуметтік саясаттың қазіргі бағыты — жәрдемақы арқылы уақытша қолдау емес, тұрақты табысқа жеткізер еңбекке ынталандыру.

Жұмыспен қамту – ұзақ мерзімді шешім

Жұмыспен қамту шаралары бірнеше бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл 3 006 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілуі, 6 045 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолдануы, 15 272 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы, 3 598 адам кәсіптік оқытуға қатысуы тиіс болған.

Нақты дерекке жүгінсек, бұл шараларға 12 549 адам тартылған. Десе де, жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалуы көзделіп отыр. Десе де, халықты жұмыспен қамтуда жүйелі жұмыстың жалғасып жатқанын жоққа шығара алмаймыз.

Жеке бастама — жаңа мүмкіндік

Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында және азаматтардың жеке бастамалары арқылы 2025 жылы 21 812 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 21 370 — тұрақты, 388 — уақытша жұмыс орны. Әзірге бұл мүмкіндіктерге нақты 2 863 адам ғана тартылып отыр.

Жекеменшік бастамалардың жұмыс орындары негізінен балабақша, спорт кешені, дәріхана, асхана және білім беру ұйымдары сынды қызмет көрсету салаларын қамтиды. Бұл бағыттағы белсенділіктің төмен болуы бизнес бастамаларға қолжетімділік, қаржыландыру және жергілікті инфрақұрылымның жетілу деңгейіне байланысты болып отыр.

Масылдықпен емес, мүмкіндікпен күресу керек

Қазіргі таңда әлеуметтік қолдау жүйесі бұрынғыдай тек қаржылай жәрдем берумен шектелмейді. Мемлекет азаматтарға еңбекке араласу арқылы өз өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл — халықты «мемлекетке тәуелді» деген психологиядан арылтуға бағытталған қадам.

Масылдық көңіл күйдің қоғамға тигізер кері әсері бар — ол еңбекке құлшынысты азайтып, әлеуметтік тұрақтылықты әлсіретеді. Ал жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікке ынталандыру тетіктері азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Осылайша, Шымшаһарда қолға алынған жұмыспен қамту шаралары — әлеуметтік масылдықты еңсерудің басты жолы. Бұл — жай ғана жұмыс тауып беру емес, азаматтың қоғамдағы белсенді рөлін арттыру, оның табыс табуға, өз отбасын асырауға, салық төлеуге қабілетті болуына мүмкіндік жасау.

Еңбек — тек экономикалық игілік емес, ол — азаматтың өз-өзін бағалауының, қоғамға пайдалы болуға ұмтылысының көрінісі. Осы тұрғыда, мемлекет пен азаматтың бірлескен іс-әрекеті ғана әлеуметтік әділеттілік пен тұрақты дамуға негіз бола алады.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

Сурет: gov.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті