jasqazaq.kz

Халықтар достығы — халық қазынасы

08 қазан 2025, 15:01

Көпұлтты елімізде өзара сыйластық пен береке-бірлікті сақтау, қоғамдағы ынтымақтастықты арттыру – маңызды міндет. Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында бұл бағытта көптеген іс-шаралар ойдағыдай атқарылып келеді.

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Халықтар достығы – халық қазынасы» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Қалалық иран этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестік өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен өнерін жұртшылыққа көрсету арқылы ел бірлігін бекемдеу және этностар арасындағы достықты дәріптеу негізінде қоғамдық келісімді сақтау.

Мерекелік концертке қала тұрғындары, қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов өз сөзінде қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін бекемдеу мен бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтаудағы рөлі туралы айтты.

– Біздің басты құндылығымыз – бірлік пен өзара құрмет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қағидатты басшылыққа алып, түрлі этностарды ортақ мақсатқа біріктіріп келеді. Осындай мәдени іс-шаралар достық пен сыйластықты, өзара құрметті нығайтады, – деді.

Концерт барысында қалалық иран этномәдени бірлестігінің мүшелері ұлттық әндері мен билерін орындап, көрерменге өзіндік салт-дәстүрі мен мәдени байлығын таныстыратын көріністер ұсынды. Ал өзге де қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концертке белсене атсалысып, жиналған қауымға өз өнерлерін көрсетті.

Мерекелік іс-шара соңында концертке қатысушылар достық пен бейбітшілік символына айналған «Қазақстан – Отаным» әнін орындап, көпшіліктің алғысына бөленді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді