jasqazaq.kz

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы OpenAI-мен бірге ChatGPT-дің қазақша нұсқасын дамытады

07 қараша 2025, 18:36

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Вашингтонда Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы мен OpenAI, Inc. компаниясы ChatGPT-дің қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыру және оны терең дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
OpenAI компаниясының білім беру және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі жетекшісі Кевин Миллс пен Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тілінде жасанды интеллектінің дәл және сапалы жұмыс істеу әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Негізгі міндет – қазақ тіліндегі деректер қорын көбейту, тілдік модельдердің дәлдігін жетілдіру және жүйені ұлттық мәдениет, әдебиет пен тарихқа қатысты мазмұнмен байыту.
Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы білім беру саласын қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Келісім нәтижесінде мұғалімдерге қазақ тіліндегі оқу бағдарламалары мен сабақ жоспарлары, дәрістер және әдістемелік материалдарды жасанды интеллект құралдарының көмегімен әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Бұл серіктестік – қазақ тілін заманауи технологиялар кеңістігінде дамытуға және жаһандық цифрлық экожүйеде оның орнын айқындайтын маңызды қадам.

Сурет: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді