Халық үніне құлақ асатын әкімдік

13 тамыз 2023, 23:18

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының орындалуы еліміздің үшінші мегаполисі болған Шымкент қаласында сәтті жүзеге асып жатыр. Жуырда қала әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйелерімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі талап-тілектерді ескере келе, тиісті басқармаға инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Соның ішінде, 4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу мәселесі жиі көтерілген еді. Жоспарға сәйкес осы орайда «Тұран» шағынауданында 50 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта кете бойынша 35 000 текше метр шағалтас төсеу толық орындалып, 15 000 шаршы метр шағал тас төсеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Шағын ауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарланған. Жалпы Қаратау ауданы аумағында биылғы жылы 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ.

Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, «Шапағат» шағын ауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, «Тассай» тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, «Тұран» шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады