jasqazaq.kz

Халыққа қызмет көрсету орталығы жексенбіде ашық болады

07 қантар 2017, 18:56

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Фейсбук-аккаунтында хабарланды. ҚазАқпарат хабарлағандай, «Заңнын азаматтарды тіркеуге қатысты нормаларының күшіне енуiне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбі күні, 8-iншi қаңтарда жұмыс жасайды», — деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төрағасының орынбасары Медет Кұмарғалиев. Ахуалдық орталықтың 2017 жылдың 7 қаңтарындағы сағат 15:00 -дегі жағдай бойынша мəліметтері негізінде Қазақстан бойынша 9 мыңнан аса қызмет көрсетілген, оның iшiнде екi мемлекеттік қызмет бойынша: азаматтарды тіркеу жəне жеке куəлікті рəсімдеу. «Бүгін бүкіл республика бойынша 54 Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасады», -деп хабарлады Медет Кұмарғалиев — Осы жұмысқа барлық мүдделі құрылымдар жұмылдырылды». Демалыс күндері жұмысқа шыққан мемлекеттік корпорация инспекторларына ҚР еңбек заңнамасына сәйкес толық төлемдер жүзеге асырылатын болады, бұл жайлы тиісті тапсырма мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясына жіберілді. Еске сала кетейік, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеуге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты қазіргі уақытта уақытша тіркеу ісімен көші-қон полициясы айналысады. Олар ХҚКО-ларда қызмет көрсетеді.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті