Гүлзира Айдарбекова: «Қазан-ошақ жыртысы» да көнерген дәстүрдің бірі

31 қазан 2023, 14:12

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіге кіші ұлдарын үйлендіріп, құдалық той жасағаны туралы сөз етті.
«Ата-ананың міндеті – балаларын құтты орынға қондыру. Үшінші мәрте келін түсіріп, қолым ұзарып жатыр. Құдалық тойын өткізіп, жаңа құдаларымызбен танысып, көзайым болып жатырмыз. Бұйырса, үлкен тойын жасаймыз”, – деп қуанышын жасырмады.
Қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғыртты.
“Құда мен құдағайды көрпеге орау” деген салт бар. Бұл ырымның мәні – құдаларымыз бір жастықта қартайсын. Мәңгі бірге болсын деген ниетпен жасалатын жоралғы. Одан кейін “қазан-ошақ жыртысы” да көнерген дәстүрдің бірі. Оны да құдалық тойымызда есімізге алып, ырымын жасадық. Кей өңірлерде “отқа жыртар” деп те аталады. Мұны құдалыққа келетін жаңа құдағи әкеледі. Мата түсінің ақ болуы өте маңызды. Отау тігіп жатқан екі жастың өмірлері ақ болсын деген ниеттен туған. Екі жастың аналарының беліне байлайды”, – деп түсіндірді.

Продюсердің оқырмандарының бірі аталған дәстүрлерді білетін болып шықса, енді бірі “естімеген елде көп” деп таңғалып жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу