Гүлзира Айдарбекова: «Қайрат анасының арқасында жүр» дейтіндей, мен оның орнына ән айтпаймын»

06 қазан 2023, 10:37

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде «Қайрат анасының баласы» деп сынайтындарға жауап берді.

«Ол сөзді өте көп айтты. «Қайрат анасының баласы» деді. Қанша жылдар бойы айтылды. Керек десеңіз, ол баламның психикасына әсер етті. Кейін Қайрат бір концертінде халыққа жауап берді. Балам «Сен қандай болсаң да, тастамайтын адам — анаң. Баланың бақыты ананың аяғының астында» дегенде, өзім де жеңілденіп қалдым. Бұл да Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да мықты қанша әнші бар? Бақты кім көтере алады, соған береді дейді ғой. «Қайрат анасының арқасында жүр» дейтіндей мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді. Қайраттың арманын орындағым келді», — деді. Сонымен қатар Айдарбекова баласына продюсер іздегенін де жасырмай айтып берді. «Қанша адамның алдына барып, «Продюсер болсаңыз» деп айттым. Бірақ, Қайрат ол уақытта танымал емес еді. Ешкім елемеді. Кейін шыққаннан кейін «Маған берсеңіз» деді. Бірақ, ол кезде кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, сонымен айналысып кеттім. Мен әліге дейін армандарымның орындалғанына қуанамын», — деді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді